14 наурыз 2018 16:30

Алматыда тағы 500-ден аса жаңа автобус сатып алынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №19 бағыт бойынша жолға шыққан Евро-5 экологиялық сыныптағы жаңа автобустарды көрді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №19 бағыт бойынша жолға шыққан Евро-5 экологиялық сыныптағы жаңа автобустарды көрді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қала тұрғындарының өтінімі бойынша ашылған жаңа бағыт Жароков, Розыбакиев, Рысқұлов сияқты магистральді көшелерді және "Қазахфильм", "Алғабас" елді мекендерін қамтиды. Бұларға 20 төмен еденді сыйымдылығы үлкен автобустар қызмет көрсетеді, қозғалыс интервалы 6-7 минут.

Жалпы, көлік реформасының кезең аралық қорытындысы соңғы екі жыл ішінде қаланың бағыт желілеріне 500 жаңа автобустардың шығарылғакнын көрсетті. Көлікті жаңартудың арқасында 18 бағыт бойынша автобустардың қозғалыс интервалы 3 есе қысқарып, 9 минут болып, жолаушылардың күнделікті легі орташа 46 пайызға артқан. Бұлардан өзге, 14 жаңа бағыт жасалды әрі ашылды. Қалалық автопарктегі қолданылғаны 3 жылға дейінгі автобустар үлесі қазірдің өзінде 44 пайызды құрайды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек ОСЭР стандарттарына сай жолаушылар көлігін тұрақты қалыптастыру үшін қаланың автобус паркін жаңарту және кеңейту қажеттігін атап өтті.

Биылғы жылы "Алматыэлектротранс" ЖШС үнемделген қарды және алынған пайда есебінен ЛиАЗ және IVECO маркалы 199 автобус алуды жоспарлаған. "Green Bus company" ЖШС газбен жүретін 200 автобус алатын болады. Жек тасымалдаушылар тағы да 131 сатып алуды қарастырған. Осылайша, 2018 жылы Алматының автобус паркі тағы да 30 пайызға жаңарады.

Бұлардан өзге қалада метро желісі және оның екі бекеті салынуда, BRT және LRT жобаларын жүзеге асыру қолға алынуда. Жыл аяғына дейін қазақстандық- неміс компаниясы үшінші кезеңдегі электроавтобустар шығаратын зауыттың құрылысын бастайды.

Еске салайық, Алматыда №12, 22, 50, 56, 65, 69, 70, 86, 95, 103, 112, 115, 124, 126, 127, 131, 137 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №1 бағыт пен №201 магистральды бағыты ашылған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети