23 қыркүйек 2021 14:50

Алматыда тағы бір ЖОО лицензиясынан айырылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: 2gis.kz Фото: 2gis.kz

Алматыдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Қазақстан Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орны бас лицензиясынан айыру алдында тұрғанын хабарлаған.

"Қайта тексеру қорытындысы бойынша тексеру парағының 46 тармағынан 39 тармағы бойынша заңбұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ЖОО бас лицензиясынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жоғары оқу орыны нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенованың айтуынша, жоғары оқу орындарына заңбұзушылықтарды жоюға уақыт беріледі, алайда олар кемшіліктермен жұмыс жүргізбейді. Осыған байланысты кейінірек қатаң шаралар қолдануға тура келеді.

"Әйтпесе, жоғары оқу орындары сапалы білім емес, тек дипломдар беретін болады. Мысалы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермейді. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90 пайызы шекті деңгейден өте алмады", -деді Гүлзат Көбенова.

Заңнамаға сәйкес, лицензиядан айырылған жағдайда білім алушылар семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады. Студенттер мен ата-ана және жұмыс берушілерді жоғары оқу орындары көрсететін білім беру қызметтерінің сапасына назар аударуға шақырамыз.

Ақпанда Алматыдағы Қазақ үздіксіз білім беру университеті (ҚазМҮББ) жалпы лицензиясынан айырылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети