1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай отшашу атылады 14 желтоқсан 2021, 15:45

Алматыда 16 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мерекелік отшашу атылады. Шара туралы Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Алматыда 16 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мерекелік отшашу атылады. Шара туралы Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отшашу ҚБТУ алаңынан сағат 21.00-де басталады. 

Сондай-ақ, қала әкімдігі мерейтой күніне орай Алматыда 110-нан аса түрлі іс-шара өткізілетіні туралы хабарлады:

  • 15 желтоқсанда №1 оқушылар үйінде "Жасай бер, Қазақ елі" атты концерт өтеді;
  • Осы күні Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек" атты іс-шара ұйымдастырылады. Оған мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады;
  • Жастар Сайран көлі жағасында экоакция өткізеді;
  • 16 желтоқсанда "Тұран" университеті флэшмоб ұйымдастырады, ал Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында "Абылай хан"операсының премьерасы болады.
  • Тәуелсіздік күні Ұлттық кітапханада "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты іс-шара өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram