Алматыда тестілік от жағу эстафетасы аясында Универсиада алауы жағылды

27 Қазан 2016, 16:50
0
Алматыда тестілік от жағу эстафетасы аясында Универсиада алауы жағылды -

Алматыда 2017 жылы өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада Алауын жағу эстафетасының бас репетициясы өткізілді. Тестілік іс-шараның бүкіл жағдайы іс жүзінде өткізілетін Универсиадаға барынша ұқсатылып өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Универсиаданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар Оттың пайда болуын техникалық жағынан репетициядан өткізіп, тасымалдайтын шыны сауытты тестілеп көрді. Шыны сауыттың ресми тасымалдаушысы - "Эйр Астана" компаниясы. Ол еліміздің аймақтарынан 15 отты Алматы қаласына жеткізетін болады.

От жағу эстафетасының көлік жөніндегі серіктесі "Вираж" компаниясы "Газ" үлгісіне жататын коммерциялық жеңіл көліктердің жаңа топтамасын сапқа тізді, өз кезегінде бұл көлік санын оңтайландырып, 2017 жылдың қаңтарында өткізілетін От жағу эстафетасы кезінде саптың ұзындығын екі есеге дерлік қысқартуға мүмкіндік бермек.

Тестілік эстафетада Универсиада алауын қабылдайтын бүкіл облыс орталықтарының өкілдері бас қосты. 30-дан аса аймақтық менеджер Алау сақтаушыларының жұмысына бақылау жүргізді.

Алау сақтаушылар - бұл Универсиаданың басталғанына 100 күн қалғанда күшейтілген даярлық бағдарламасынан өтуі тиіс 12 адамнан тұратын топ. Оқыту бағдарламасында топтың қимыл-қозғалысын барынша көрікті әрі үйлесімді етуге көмектесетін қоюшы-режиссермен жұмыс жасау қарастырылған. Денешынықтыру даярлығына арналған жеке блок күтпеген жағдайларда қажет болмақ. Тағы 15 адам Алматыда тура осындай курстан өтіп, облыстарда жағылған Алаумен Алматыға оралу үшін Эстафета өткізілетін күні аймақтарға бет алатын болады.

Сондай-ақ, бүгін Алматыдағы тестілік эстафетаға ойдан шығарылған кейіпкерлер де қатысты. Сценарийге сәйкес тестілік мақсатта Алауды жағу кезінде ойдан шығарылған облыс әкімі алғысөзбен шықпақ, ал бір шақырымға созылған жолды бес "жалған" алау көтеруші жүріп өтеді. Бұл мұқият іріктеу байқауынан өтпеген адамдар Алауды көтеретін Универсиада аясындағы жалғыз жағдай болмақ.

Тестілік эстафетаның тағы бір маңызды бөлігі ҚР аймақтарында алау көтерушілерді іріктейтін байқаудың аралық қорытындысын шығаруға арналған. Жоғарғы оқу орнының әрқайсысына өз іріктеуін өзі өткізу мүмкіндігі берілген, олар республикалық комиссияға он үміткердің тізімін ұсынуы тиіс екендігін еске саламыз. Сондай-ақ,  Универсиада-2017 сайтында қалаған адам анкетаны толтырып, өзін үміткер ретінде ұсынған тұлға ретінде іріктеуден өтуге мүмкіндігі бар.

Бекітілген тұжырымдамаға сәйкес әрбір облыс орталығы, Астана және Алматы қалалары аймақтың ең ірі жоғарғы оқу орнында Алаудың пайда болуына арнап өз іс-шарасын өткізуі тиіс екені белгілі. п, онда 16 алаудың барлығы Универсиаданың ашылу салтанатының шарықтау шегінде бір жерде біріктірілетін болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай