13 сәуір 2020 15:20

Алматыда тіркелген соңғы 27 науқас медицина қызметкері болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы КВИ бойынша қазіргі жағдайды қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы КВИ бойынша қазіргі жағдайды қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде, 13 сәуірде Алматыда КВИ жұқтырғандар саны 172-ге жетті. 

Соңғы тәулікте тағы 27 жаңа оқиға тіркелді. Олардың барлығы медицина қызметкерлері.

Оның ішінде 21 әйел және 6 ер адам, әйелдердің ішінде біреуі - жүкті. Медицина қызметкерлерінің жағдайы: екеуінің жағдайы полисегментті пневмонияға байланысты - ауыр, қалғандарының жағдайы - қанағаттанарлық.

Коронавирус анықталған 20 қызметкер шұғыл медициналық көмек көрсетіп жатқан Қалалық орталық клиникалық аурухананың қызметкерлері. Тағы 7 адам - Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері. Әдетте бұл әртүрлі патологиясы бар пациенттер, олардың арасында аурудың симптомсыз ағымы бар пациенттер болуы мүмкін, бұл олардың жұқтыруына себеп болуы мүмкін.

Осы факті бойынша қазіргі уақытта эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Медициналық қызметкерлерді тексеру бойынша барлық шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, барлық қалалық клиникалардың ішінде эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда барлығы 122 адам тіркелген.
89 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, 8 - ауыр, 25 ересек адамның жағдайы орташа дәрежеде (1 облыстық). Ем алушылар арасында 3 жүкті әйел бар.

49 сауығып шықты, оның ішінде 47 ересек адам және 2 бала. Екеуі қайтыс болды.

Провизорлық орталықтарда 186 адамның ішінде 10-ы бала, карантиндік оқшаулауда– 426 адам, үй карантинінде – 6199 адам.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети