24 шілде 2020 18:03

Алматыда троллейбус жүргізушісі адам қағып кетті: іс сотқа берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бостандық ауданының прокуратурасы жаяу жүргіншінің өліміне әкеп соққан троллейбустың қатысуымен болған апатқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бостандық ауданының прокуратурасы жаяу жүргіншінің өліміне әкеп соққан троллейбустың қатысуымен болған апатқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексі 305-бабының тәртібінде аталған қылмыстық іс Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына жолданды", - деп хабарлады аудандық прокуратура өкілі.

Еске салайық, қайғылы оқиға 5 қаңтарда кешке Сәтбаев көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, троллейбус тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қағып, ағашты қиратып, тоқтаған. Салдарынан зардап шеккен адам оқиға болған жерде көз жұмған еді. Ол 31 жастағы Павел есімді жүзуден жаттықтырушы болған.

Қайтыс болған ер адамның әйелі енді үш баласын жалғыз тәрбиелеп отырғанын және жұбайы қайтыс болғаннан кейін ешқандай материалдық көмек ала алмағанын айтқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети