16 сәуір 2018 19:01

Алматыда троллейбус жүргізушісі жолаушыны құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда троллейбус жүргізушісі талма ауру бар қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда троллейбус жүргізушісі талма ауру бар қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Green Bus Company" ЖШС алматылық филиалының директоры Бауыржан Құлышев оқиғаның 13 сәуірде № 5 бағыттағы қоғамдық көлікте боғланын айтады. 

"Бізге оқиғаның куәгері хабарласты. Оның айтуынша, борт нөмірі 1212 № 5 троллейбуста Тілеумбетова Райханның ерлігі мен дереу әрекет еткені жайлы айтты. Куәгердің жанында қыз бала тұрған. Ол кенеттен өзін жайсыз сезініп, еденге құлаған. Барлығы да абдырап қалды, оны көтеруге асықты. Осы кезде Райхан Тілеумбетова қызға жақындап, жағдайды өз қолына алған. Ер адамдарға қызды сыртқа шығаруды сұраған, себебі оның талма ауруы болуы мүмкін екенін айтты. Қыздың аузынан көбік шыға бастаған. Кейін біз жедел жәрдем шақырдық. "Жедел жәрдем келмейінше мен ешқайда бармаймын". Жолаушылардың бірі жүруін сұрады, алайда жүргізуші 20 минут бойы жедел жәрдем келун күтті. Жүргізуші қыздың жанында отырды. Қыз бала кетіп қалмақшы да болды, алайда Райхан оның жібермей жедел жәрдем бригадасына тапсырды", - дейді Бауыржан Құлышев. 

Бауыржан Құлышев автопаркте жүргізушілердің әрдайым тренингтерден өтіп тұратынын айтты. Оның ішінде алғашқы көмек көрсетуде бар. Ол троллейбус жүргізушісінің сыйақы алатынын айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети