20 ақпан 2014 12:10

Алматыда тұманнан "Эйр Астананың" 4 рейсі тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Алматыда тұманнан "Эйр Астананың" төрт рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты, қалың тұманның салдарынан әуетасымалдаушы компания "Алматы-Астана", "Алматы-Дели", "Алматы-Шымкент", "Алматы-Атырау" бағытында қатынайтын рейстерді кідіртті. Аталмыш компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір барлық рейстер қайта жаңғырды. Бұдан басқа, Алматы аэропорты сайтындағы ақпаратқа сенсек, ауа-райының қолайсыздығынан және ұшақтардың Алматыға түнде келуінен Орынбордан, Ташкенттен, Қызылорда мен Өскеменнен келетін рейстер іркілді. Еске сала кетейік, 2013 жылы қаңтар айының соңында атмосфералық қысымның жоғары болуынан "Эйр Астана" бес бірдей әуерейстің қозғалуын болдырмады: "Атырау-Ақтау" бағытының екі жағынан да, Атырау-Астана мен "Мәскеу-Атырау" рейстерінің екі жағынан да қозғалыс уақытша тоқтатылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети