1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда түнде дрифт жасаған жүргізуші жазаланды 13 сәуір 2021, 15:31

Алматыда түнде дрифт жасаған жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Алматыда түнде дрифт жасаған жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін Instagram желісінде қараңғы уақытта жүргізушінің қатты жылдамдықпен қауіпті маневрлер жасаған кезі түсірілген видео пайда болған. 

Жергілікті полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерден жол қозғалысы ережелері мен азаматтардың тыныштығын өрескел бұзу дерегі түсірілген видеодағы құқық бұзушыны анықтап, оны жауапқа тартты.

"Бұл 1999 жылы туған Шамиль Жұмфаев болып шықты. Ол метро бекетінің алдындағы аймақта, Абай даңғылы мен Брусиловский көшесінің қиылысында BMW маркалы автокөлікпен заңбұзушылық жасаған. Тексеру кезінде де Жұмфаевтың бұған дейін де жол жүрісі ережелерін бұзғаны, оның ішінде жылдамдық асырғаны анықталды. Оның жалпы сомасы 197 мың 727 теңге тоғыз жол ережесін бұзғаны үшін қарызы бар", - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 630-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!