18 қыркүйек 2015 09:27

Алматыда турфирма клиенттерден алаяқтық жолмен ірі көлемде ақша алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Алматыда турфирма клиенттерден алаяқтық жолмен ірі көлемде ақша алған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қаладағы турфирмалардың бірінің қызметкері Ғалия Шарапова азаматтардың ақшасын алып, оларға Түркияға демалуға жолдама әперуге уәде еткен. Дегенмен ол сөзінде тұрмады.

Әйел өзіне сенгендерді алдап, 200 мың долларды қалтасына басқан. Телеарнаның мәліметінше, алданғандар турфирма қызметркерін бір жылдан бері іздеп жүр. Алданған клиенттердің бірінің айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны таба алмаған. "Біз оны тауып, өзіміз әкелдік", - деді жәбірленушілердің бірі.

Алданған клиенттер полицияға арыз жазған. Алматы ІІД тергеу аяқталуға жақындағанын хабарлады.

"Осы дерек бойынша "Алаяқтық" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы айдың соңында іс материалдары сотқа жіберіледі. Полиция жұмыс істеп жатыр. Тиісті нормалар бойынша жұмыс атқарылды", - деді Алматы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек. ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел осындай жолмен бірнеше жыл бойы алаяқтық жасап келген. Бұған дейін полицияға тағы 11 адамның арызданғаны белгілі болды. Ол кезде әйел сот залында босап шыққан. Егер бұл жолы оның кінәсі дәлелденсе, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети