11 сәуір 2023 15:41

Алматыда тұрғын үйге салынған қосалқы кеңейтілім бұзылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрғын үйге салынған қосалқы кеңейтілім сот шешімімен бұзылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Мәуленов көшесіндегі № 96\77 үйге екі қабатты қосалқы кеңейтілім рұқсатсыз салынған.

Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасының тексеріс қорытындысы бойынша құрылыс белгіленген тәртіпте сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамасыз, сәулет-техникалық қадағалауды тартусыз, құрылыстың басталуы туралы хабарламасыз шаруашылық әдіспен жүргізілгені анықталған болатын.

Алмалы аудандық соты әкімшіліктің талаптарын қанағаттандырды. 11 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен кеңейтілімді бұзу жұмысы басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети