01 сәуір 2021 15:33

Алматыда тұрғындар коронавирус көп жұқтыратын орындар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматыда тұрғындар коронавирусты көп жұқтыратын орындар белгілі болды. Сондай-ақ, аудандар арасында сырқаттанушылық бойынша статистика көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда тұрғындар коронавирусты көп жұқтыратын орындар белгілі болды. Сондай-ақ, аудандар арасында сырқаттанушылық бойынша статистика көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлері 2021 жылдың наурызының төрт аптасындағы мәліметтерді зерттеп, қаладағы коронавирус инфекциясының негізгі таралу орындарын анықтады.

Вирус жұқтырғандардың көбі, 41,5 пайызы, ауырмас бұрын қоғамдық орындарға барғаны хабарланды.

28,6 пайызы отбасындағы коронавирус жұқтырған науқастарымен байланысқаннан кейін ауырған.

Жұқтыру орындарының арасында үшінші орында - қоғамдық көлік. Мұнда жұқтыру жағдайларының 21 пайызы анықталды. 7,4 пайызы жұмыста инфекция жұқтырған.  Жағдайлардың 1,5 пайызы - шет елдерден және Қазақстан өңірлерінен келген адамдарда анықталды.

Телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали де қала аудандарында коронавирус ауруы бойынша статистика ұсынды. Сырқаттанғандар саны бойынша бірінші орында Бостандық ауданы тұр. Наурызбайда 1766 жағдай тіркелген. Одан кейін Алмалы, Әуезов және Медеу аудандары, әр айда мыңға жуық науқас тіркелген. Жетісу және Алатау аудандарында ең төмен көрсеткіш - 451 жағдайдан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети