27 сәуір 2014 16:36

Алматыда Түрікменстан мәдениеті күндері өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрікменстанның мемлекеттік туы. ©Тengrinews.kz Түрікменстанның мемлекеттік туы. ©Тengrinews.kz

Алматыда өтетін Түрікменстан мәдениеті күндеріне бұл елден 60 адамнан тұратын делегация келеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда өтетін Түрікменстан мәдениеті күндеріне бұл елден 60 адамнан тұратын делегация келеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 сәуірде Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы елшілігі Ашғабатта екіжақты қарым-қатынастардың ахуалы мен даму перспективалары және еліміздің басымдықтары туралы брифинг өткізді. Онда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған Жолдауының қағидалары түсіндіріліп, Жолдаудың түрікмен тіліндегі мәтіні жазылған кітапшалар таратылды.

Түрікмен жұртшылығына Қазақстанның сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырмдамасы мен Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасы, 2017 жылғы EXPO халықаралық мамандырылған көрмесін Астана қаласында тиімді өткізу мен ядросыз әлем құрудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың ролі жайында да егжей-тегжейлі әңгімеленді. Сондай-ақ этносаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі, VII Астана экономикалық форумы, G-Global көпқырлы коммуникативті алаңшасы және басқа да қазақстандық жобаларға көңіл аударылды. 

"Екіжақты қарым-қатынастар контекстінде барлық қатысушы елдер арасындағы сауда айналымын едәуір өсіруге бағытталған "Солтүстік-Оңтүстік" континентаралық теміржол магистралінің толыққанды іске қосылуының маңызы да аталып өтті", - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз парағында.

Осы шара барысында 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында Алматы қаласында Түрікменстан мәдениеті күндері өтетіні, оған осы бауырлас елден арнайы делегация келетіні айтылды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети