05 мамыр 2015 | 16:39

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері тегін медициналық бақылаудан өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің баспасөз қызметі ©Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің баспасөз қызметі

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері тегін медициналық бақылаудан өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақ медициналық үздіксіз білім беру академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шара қаладағы Республикалық ҰОС ардагерлері мен мүгедектерінің клиникалық госпиталіндегі "Ашық есік" күні аясында ұйымдастырылды.

Иконка комментария блок соц сети

Баспасөз хабарламасында шараға Қазақстанның алдыңғы қатарлы медицина мамандарының қатысқаны айтылған. "Мамандар сұрапыл соғыста Отан үшін отқа түсіп, ерлік көрсеткен ардагерлерді диагностикалық тексеруден өткізіп, оларға дәрігерлік кеңес берді. "Ашық есік" күні аясында әрбір ардагер жүрегін электрокардиограммаға түсіріп, рентген, бас-миының ультра дыбыстық зерттеуінен өтті", - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда Жеңістің 70 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне электр қуатының ақысын төлеуге жеңілдіктердің берілетіні хабарланған болатын. 1 мамырдан бастап 31 желтоқсанға дейін соғыс ардагерлері ай сайын 70 кВт электр қуатының ақысын төлеуден босатылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети