Алматыда соғыс ардагерлеріне электр қуатының ақысын төлеуге жеңілдіктер беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда соғыс ардагерлеріне электр қуатының ақысын төлеуге жеңілдіктер беріледі @Tengrinews.kz

Алматыда Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне электр қуатының ақысын төлеуге жеңілдіктер берілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-на сілтеме жасап.


"Жеңістің 70 жылдығына арнап "АлматыЭнергоСбыт" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Ардагер - Мәңгі Даңқ!" акциясын дайындап жатыр. Акция аясында Алматы қаласындағы соғыс ардагерлері электр қуатын төлеу ақысында жеңілдіктер алатын болады. Яғни, 1 мамырдан бастап 31 желтоқсанға дейін соғыс ардагерлері ай сайын 70 кВт электр қуатынан босатылады. Осы уақыт аралығында ардагерлер белгіленген көлемнің үстінен қолданылған электр қуатына ғана төлейді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында тыл ардагерлеріне 59 460 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілетіні хабарланған еді. Жеңістің 70 жылдығына орай Қызылорда облысының 7 мыңға жуық тыл ардагері жергілікті бюджеттен 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек алады. Бұл төлем Ұлы Отан соғысы жылдары, яғни 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында тылда жұмыс істеген азаматтарға беріледі.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +19
Ақтау +26
Ақтөбе +23
Атырау +26
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +21
П
Павлодар +21
Петропавл +25
С
Семей +27
Т
Талдықорған +29
Тараз +26
Түркістан +24
О
Орал +24
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер