30 қаңтар 2015 18:06

Қызылорда облысында тыл ардагерлеріне бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©sibterra.info ©sibterra.info

Қызылорда облысында тұратын тыл ардагерлеріне 59 460 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, Қызылорда облысында 7 мыңға жуық тыл ардагері тұрады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Жеңістің 70 жылдығына орай Қызылорда облысының 7 мыңға жуық тыл ардагері жергілікті бюджеттен 30 айлық есептік көрсеткіш (59 460 теңге) мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек алады. Бұл төлем Ұлы Отан соғысы жылдары, яғни 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында тылда жұмыс істеген азаматтарға беріледі.

Айта кетейік, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 426 миллион теңге бөлінгенін хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай әр ардагерге 300 мың теңгеден берілетіні хабарланған болатын. Оның 100 мың теңгесі республика бюджетінен, ал 200 мыңы жергілікті бюджет есебінен болады. Тылда еңбек еткендерге бұдан азырақ ақша беріледі. Маңғыстау облысында 1 мыңнан аса тыл ардагері бар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети