16 сәуір 2015 | 14:34

Алматыда Ұлы Отан соғысының барлық ардагері баспанамен қамтылған - Есімов

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алматыда Ұлы Отан соғысының барлық ардагері баспанамен қамтылған. Бұл мәлімдемені қала әкімі Ахметжан Есімов жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Ұлы Отан соғысының барлық ардагері баспанамен қамтылған. Бұл мәлімдемені қала әкімі Ахметжан Есімов жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан халқының Бірлігі күні қарсаңында 200 алматылыққа пәтер кілттерін тапсырды. Соғыс ардагерлері, көпбалалы аналар, жетім балалар, өндірісте қаза болғандардың отбасылары, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау салаларының қызметкерлері мен жас жанұялар жаңа қоныс иелері атанды. 

"Мемлекет басшысының арнайы өкімі қабылданып, жыл сайын соғыс ардагерлеріне қажетті барлық жағдайлар жасалуда. Осыдан бес жыл бұрын барлық алматылық ҰОС ардагерлерінің пәтер мәселесі шешілген болатын. Содан бері қарай бізге еліміздің өзге өңірлерінен келгендер бар, міне, бүгін қалған ардагерлердің тұрғын үй мәселесін толық шешіп отырмыз", - деді Есімов.

Осыған дейін Алматыда Жеңістің 70 жылдығына орай, ҰОС ардагерлеріне электр қуатының ақысын төлеуге жеңілдіктердің берілетіні хабарланған болатын. 1 мамырдан бастап 31 желтоқсанға дейін соғыс ардагерлері ай сайын 70 кВт электр қуатын төлеуден босатылады. Осы уақыт аралығында ардагерлер белгіленген көлемнің үстінен қолданылған электр қуатына ғана төлейді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети