19 қыркүйек 2016 13:40

Алматыда Универсиада-2017 хоккей турнирінің жеребесі тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty2017.com © almaty2017.com

Алматыда шайбалы хоккей бойынша Универсиада-2017 ойындарына қатысатын ерлер мен әйелдер командалары арасында жеребе тарту нәтижелері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Универсиада 2017 порталына сілтеме жасап.


Алматыда шайбалы хоккей бойынша Универсиада-2017 ойындарына қатысатын ерлер мен әйелдер командалары арасында жеребе тарту нәтижелері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Универсиада 2017 порталына сілтеме жасап.

Шайбалы хоккей жарыстарына барлығы 12 ер және 7 әйел командасы қатыспақ. Ерлер командасы 4 командадан тұратын 3 топқа, ал әйелдер тобында 4 команда, В тобында 3 команда болып 2 топқа бөлінді.

Қазақстан Ойындарды өткізіп отырған қожайын ел ретінде А тобында нөмір бірінші команда болып жарысқа түсетін болады.

Ерлер құрамасы арасында жеребе тарту нәтижелері келесідей: А тобында Қазақстан,Чехия, Швеция, Қытай өнер көрсетеді. В тобының құрамына Канада, Словакия, АҚШ, Ұлыбритания, С тобына Ресей, Жапония, Корея, Латвия кірді.

Әйелдер командасы арасында А тобында Қазақстан, Канада, Қытай және Ұлыбритания күреске түседі. В тобында Ресей, Жапония, АҚШ командалары бәсекелеспек.

Канададан келген делегация өкілі  Ари Джошуа Гроссман жеребе тарту нәтижелеріне қатысты былай деп түсініктеме берді: "Әйелдер арасындағы хоккей жайлы айтар болсақ, біз ойындарды ұйымдастырып отырған елдің құрамасымен бірге бір топта өнер көрсететіндігімізге қатты толқып тұрмыз. Қазақстан командасымен тамаша алаңда ойын көрсету үшін  сайыстардың басталғанын тағатсыздана күтудеміз. Сондай-ақ, топ ішінде ҚХР құрамасы бар, өте мықты бәсекелес, олар таяудағы жарыстарда жүлдегер атанды. Төртінші команда - Ұлыбритания құрамасы, олар соңғы жылдары өте қарқынды дамып өсіп келеді. Қарсыластарымызбен кездесуді асыға күтудеміз және де біздерді өте қызықты ойын күтіп тұр деп ойлаймын".

Гроссман мырза ерлер арасындағы хоккей ойындары да өте әсерлі өтеді деп сендірді. "Біздің құрама Словакия мен Ұлыбританияның аса мықты және қызықты командаларымен жарысқа түседі. Канада мен АҚШ туралы айтар болсақ, бәсекелес болу біздің тарихымызда жазылған. Хоккей бойынша сайыстар біздің командалар арасындағы жарыспен басталады деп ойлаймын және бұны тағатсыздана күтіп отырмыз. Сондай-ақ, Словакия құрамасымен ойнау әрқашанда қиын. Жалпы алғанда, арамызда Ресей, Қазақстан, Швеция, Словакия секілді аса мықты командалар көп. Ойындарды тамашалау және кімнің жеңіске жететіндігін көру аса қызықты болмақ. Ойындардың басталғанын асыға күтеміз", - деді ол.

Алматыдағы кездесу Универсиадаға қатысушы елдерден келген делегаттарды үлкен әсерде қалдырды. "Қарым-қатынас құрып, тәжірибе алмасу және де нағыз спорт мерекесін тойлау үшін сіздердің сұлу қалаларыңыз бүкіл әлем студенттерінің басын қоспақ", - деп атап өтті Қырғызстан Республикасы Ұлттық студенттер спорты федерациясы төрағасының орынбасары  Альшиораз Бабаев.

Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) президенті Олег Матыцин бастаған делегация, сондай-ақ, ұлттық студенттер спорты федерацияларының басшылары 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада жарыстарының өткізілетін спорт нысандарына 13-17 қыркүйек күндері аралығында тексеру жүргізгендігін еске саламыз. Жалпы алғанда делегаттар Атлеттер ауылына, "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплині кешеніне, Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайына, "Алматы арена" мұз сарайына, "Медеу" биік таулы мұз айдынына және "Шымбұлақ" тау-шаңғы кешеніне, "Алатау" шаңғы-биатлон кешеніне, "Табаған" спорт ойын-сауық кешеніне барып қайтты. Делегаттардың спорт нысандарының жағдайына көңілдері толды және де Универсиадаға дайындық барысы  FISU талаптарына сәйкес жоғары қарқынмен жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Айта кетейік, 18 қыркүйекте кешке делегация мүшелері "Алматы арена" мұз сарайының ашылу салтанатына және де осы нысанда қаланың 1000 жылдығын тойлауға арналған гала-концертке қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети