Алматыда үш жігітті көлікпен әдейі қаққандардың бірі ұсталды

26 Тамыз, 21:12
0
Алматыда үш жігітті көлікпен әдейі қаққандардың бірі ұсталды -

Алматыда үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен күдікті ұсталды. Ол ақ түсті Toyota Camry тізгінінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД Тергеу басқармасының хабарына қарағанда, бұл қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, 1995 жылы туған А. есімді азамат қолға түскен.

"Ол ұсталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам қылмыс жасау кезінде ақ түсті Toyota Camry маркалы автокөлігін басқарған. Қара түсті шетелдік көліктің жүргізушісі анықталды. Оны ұстау - уақыт еншісінде", - деп хабарлады ДП тергеу басқармасы бастығының орынбасары Думан Аухадиев.

Күдіктілердің әрекеттері ҚК-нің 24-бабы 3-бөлімі және 99-бабы 2-бөлімі "Адам өлтіруге оқталу" деп қайта сараланған. Қылмыстық істің материалдары аудандық полиция басқармасынан Тергеу басқармасының өндірісіне берілді. Бұл қылмысты тергеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Еске салайық, 26 тамызда таңғы сағат 5-те Алматы қаласы Бостандық ауданы Гагарин көшесінде болған қақтығыстан кейін бір тараптың өкілдері өз қарсыластарын автомобильмен қағып, қылмыс орнынан бой тасалаған. 

Видео kris_p_kz парақшасында пайда болды. Оның кадрларына қарағанда, бір топ жігіт автокөлік иелерімен қақтығысқан. Ақ түсті автомобиль жүргізушісі қақтығысқа қатысушылардың бірін басып кете жаздаған. Оның артында қара көлік әдейі үш ер адамды қағып кетеді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай