26 қазан 2016 14:08

Алматыда ұсталған лаңкестер ІІД және ҰҚКД ғимараттарының алдында жарылыс жасамақшы болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылы 10 қазанда ҰҚК қызметкерлері радикалды топ мүшелерін ұстаған, олар қолдан жасалған жарылғыш заттарымен прокуратура, ІІД және ҰҚКД ғимараттарында жарылыс ұйымдастыруды жоспарлаған. Бұл туралы ҚР ҰҚК Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтылады.


2016 жылы 10 қазанда ҰҚК қызметкерлері радикалды топ мүшелерін ұстаған, олар қолдан жасалған жарылғыш заттарымен прокуратура, ІІД және ҰҚКД ғимараттарында жарылыс ұйымдастыруды жоспарлаған. Бұл туралы ҚР ҰҚК Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтылады.

Ведомстводағылар қазіргі уақытта тергеу барысында қылмыстық іске қатысты радикал топтың басшысын анықтау шаралары жүргізіліп жатқанын айтады. "Қолдан жасалатын жарылғыш заттарды олар еркін саудадағы химиялық заттар мен техникалық құрылғылардан жасаған. Осы адамдардың бұрындары ұсталған Руслан Күлекбаевқа қатысының бар-жоғы туралы мәлімет жоқ", - деді ҰҚК-дегілер. Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 1-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және 255-бабының 2-бөлігі ("Терроризм актісі") бойынша жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін хабарланғандай, ҰҚК қызметкерлері радикалды топтың үш мүшесін ұстаған. Олардан қолдан жасалған жарылғыш заттар, дәни-экстремисттік материалдар соның ішінде лаңкестік жасауға шақыратын материалдар тәркіленген. "Осы жылдың басынан бастап Алматыда ҰҚК қызметкерлері 39 радикалды ойдағы қылмыскерлердің жолын кескен. Жедел-тергеу шаралары әлі де жалғасып жатыр", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети