27 желтоқсан 2023 10:32

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі қаражаттарды "қолма-қол ақша түрінде шығарып беру" және жалған шот-фактура жазумен айналысқан. Олар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі қаражаттарды "қолма-қол ақша түрінде шығарып беру" және жалған шот-фактура жазумен айналысқан. Олар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы факт бойынша, ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті соталды тергеп-тексеруді аяқтады.

"ҰҚТ мүшелері мекемелерге екінші деңгейлі банк шоттарынан жүйелі түрде қаражаттарды заңсыз "қолма-қол ақша түрінде шығарып берген". Бақылауындағы 17 коммерциялық компания арқылы 5 миллиард теңгеден астам сомаға коммерциялық ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстары, көлік қызметтері және халық тұтынатын тауарларды жөнелту бойынша қызмет көрсетуге жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы салық төлеуден жалтаруға көмектескен", - делінген хабарламада.

Қылмыстық топ ұйымдастырушылары "бір күндік фирмаларды" жақын туыстары мен таныстарының аттарына тіркеген.

Сот үкімі бойынша, бес айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

"ҚМА "көлеңкелі" экономиканың үлесін азайту және адал кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты тұрақты түрде жалғастыратын болады.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.
Анонимділікке кепілдік беріледі".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети