26 шілде 2016 22:51

Алматыда із-түссіз жоғалған Сафар Шәкеевтің анасы үндеу жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК кадры КТК кадры

Сафар Шәкеевтің анасы ұлының жоғалуына қатысы болуы мүмкін деген адамдарға үндеу жасады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Сафар Шәкеевтің анасы ұлының жоғалуына қатысы болуы мүмкін деген адамдарға үндеу жасады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

"Ұлымды ұстап отырған біреулер болса, айтарым, бүкіл отбасымыз сіздерге ешқандай шара қолданбайды. Тек қалада кез келген аялдамаға немесе басқа бір жерге тастап кетсеңіздер болғаны. Анасы ретінде мені түсінулеріңізді сұраймын", - деді анасы Жібек Шәкеева. 

Белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы 25 жастағы Сафар Шәкеев осыдан 10 күн бұрын жоғалып кеткен болатын. Соңғы рет таңғы 7:30-да әл-Фараби даңғылы мен Есентай өзенінің маңында болғаны бақылау камерасына түсіп қалыпты. Бүгінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірге ағайын-туыстары, достары және еріктілер тобынан құралған 50 адам күн сайын іздестіріп жатыр. Сүңгуірлер Есентай өзенін сүзгілеп, ештеңе таппапты. Сондықтан туыстары Сафарды біреулер ұстап отыр деген сенімде. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети