04 тамыз 2020 10:49

Алматыда зейнеткер үш баламен өртенген үйде тұрып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Алматыда 63 жастағы зейнеткер үш баланы жалғыз тәрбиелеп отыр және олар өрттен кейін түгі қалмаған үйде тұрып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV телеарнасына сілтеме жасап.


Алматыда 63 жастағы зейнеткер үш баланы жалғыз тәрбиелеп отыр және олар өрттен кейін түгі қалмаған үйде тұрып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV телеарнасына сілтеме жасап.

Әбдукәрим Әбдірахманов үш баланы - Әмина, Әсия және төрт жасар Аянды жалғыз тәрбиелеп жатыр.

Телеарнаның хабарлауына қарағанда, ол жақында әйелінен айырылған, кейін үйі өртеніп кеткен. Өрттен кейін отбасы саман үйде тұруға мәжбұр болған. Бірақ бұл жерде газ да, су да жоқ.

"Өрт бірден лапылдап төбеге қарай шарпыды. Бөлмелер, бәрі жанып кетті", - дейді зейнеткерн

Қазір отбасы 10 шаршы метрде тұрып жатыр. Бұл жерде бір бөлмеде жуынады және тамақ ішеді, азық-түлікті де сақтайды. Зейнеткер балалармен тамағын тарақандар мен қандаланың ортасында жерге ішеді.

Қазір отбасы балаларға қарағаны үшін берілетін жәрдемақымен - 60 мың теңгеге жуық ақшамен күн көріп жатыр. Әбдукәрім зейнет жасына жеткенмен, құжатын рәсімдеген кезде проблема болған.

Зейнеткер шенеуніктерден көмек сұраған. Бірақ ешкім көмектеспепті. Түрксіб ауданының әкімдігі ресми сауалға проблема туралы білмейміз деген жауап қайтарды және көмектесуге уәде берді.

"200 АЕК мөлшерінде көмек қарастырылған. Ол үшін өрт болғаннан кейін 6 ай өтпей тұрып, өтініш жазу керек. Оны учаскелік комиссия қарастырады. Содан соң біз қалалық комиссияны жібереміз. Олар шығынды есептейді", - деді Алматы қаласы Түрксіб ауданы әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің басшысы Ержан Байқоныс.

Қазір отбасыға волонтерлар көмектесіп жатыр. Олар азық-түлік, құрылыс материалдарын әкеледі және ақшалай демеп отырады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети