21 қыркүйек 2021 12:32

Алматыдағы атыс: 2 қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы атыс дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полициясы атыс дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов брифингте Ақбұлақ шағынауданындағы жеке үйде жасалған қылмыс дерегі бойынша екі іс қозғалғанын хабарлады. 

"Аталған дерек бойынша СДТБТ-ға 99-бап "Адам өлтіру" және 380-бап "Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану" бойынша екі қылмыстық іс енгізілді. Болған оқиғаны тергеу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция басшысы.

Қанат Таймерденовтің айтуынша, ұсталған ер адамнан қазір тергеу органдары жауап алып жатыр.

Еске салайық, 20 қыркүйекте кешке 54 жастағы ер адам үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген сот орындаушыларына, полиция қызметкерлеріне және ТЖД қызметкерлеріне аңшы мылтығынан оқ жаудырды.

Салдарынан екі полиция қызметкері, бір сот орындаушысы және екі бейбіт тұрғын, соның ішінде үйдің жаңа қожайыны қаза тапты.

Күдіктіні арнайы жасақ бөлімшелерінің жауынгерлері қарусыз ұсталды, себебі үйде әйелдер мен балалар болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети