12 қазан 2021 13:53

Алматыдағы атыс: қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Ақбұлақ ықшамауданындағы атыс кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасыларымен кездесіп, пәтер кілтін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Ақбұлақ ықшамауданындағы атыс кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасыларымен кездесіп, пәтер кілтін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кездесу барысында қала әкімі тағы да көңіл айтып, отбасыларына пәтер кілтін табыстады. Алматы әкімдігі қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына қолдау көрсетуден аянбайды", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Сүлеев Дархан Дауылбайұлы, 1982 жылы туған, ҚР ІІМ Алматы Академиясының магистратурасын бітіргеннен кейін 2003 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті. 2021 жылдың тамызында учаскелік инспектор лауазымына тағайындалған еді. ІІО қызмет еткен жылдар ішінде ол 6 марапатқа ие болды, оның ішінде "Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін" 3-дәрежелі медалімен, сондай-ақ "Қазақстан полициясына 25 жыл" төсбелгісімен марапатталды. Үйленген, кәмелетке толмаған бес баласы бар.

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы, 1988 жылы туған, ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет еткен. Ол 13 марапатқа ие болды, оның ішінде "Үздік құтқарушы жауынгер" және "Қазақстан полициясына 25 жыл" төсбелгілерімен марапатталды. Үйленген, кәмелетке толмаған екі баласы бар.

Еске салайық, 20 қыркүйекте 17.00-де "Ақбұлақ" шағынауданында Алматының Алатау ауданында атыс болған еді. 

Үйден шығару туралы сот қаулысы туралы сот шешімін орындау кезінде осы үйдің тұрғыны - 1967 жылы туған ер адам озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети