02 ақпан 2019 12:29

Алматыдағы автобус жүргізушісінің әрекеті желі қолданушыларын сүйсіндірді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© VITALIK.kz © VITALIK.kz

Алматыдағы автобустардың бірінде болған оқиға желі қолданушыларын сүйсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы автобустардың бірінде болған оқиға желі қолданушыларын сүйсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Ол туралы Facebook желісіндегі VAselek Eskosha атты қолданушы бөлісті. Айтуынша, оқиға № 98 автобуста болды.

"Жұмыстан үйге автобуста қайтып бара жатырмын. Іші бос, қалған адамдар артта отыр. Шамамен 7 сынып оқушысы жүгіріп кірді де жүргізушіге барып: "Жол ақысына 30 теңге төлесем бола ма? Тексеруші келсе жүгіріп шығып кетемін. Бүгін 1 ақапан болғандықтан абонементім бітіп қалыпты" дейді. Жүргізуші күліп, қолына билет берді. Бала қуанып рахметін айтып, 30 теңгені берсе, жүргізуші алмады. Оқушы одан ары шаттанып, отыруға кетті. Ал ер адам орнына өзінің 150 теңгесін қойды. (...) Аналар, балаларыңыздың картасын толтырып отыруды ұмытпаңыздар", - деп жазған ол.

Бұл жарияланым екі мыңнан аса лайк пен 200-ге жуық пікір жинады. 400-дей желі қолданушысы көңілді босатқан оқиғаны парақшаларына салды.


Сурет: Facebook/VAselek Eskosha

Қыздың айтуынша, мұның алдында автобус жүргізушілерінің ақылға қонымсыз әрекеттеріне куә болған. "Сол кезде көлік айдап жүретінмін және автобус жүргізушілеріне көзқарасым нашар болған. Ал қоғамдық көлікпен жүргелі оның қалай арзан әрі жылдам екеніне көзім жетті және жүргізушілер де жақсы екенін түсіндім", - деп қосты Facebook қолданушысы.

"Шамамен бір ай бұрын екі баламен автобусқа отырдық. Екі бала, бір үлкен деп ақысын бердім. Ал жүргізуші "Кім балалар төлеу керек деді? Мен үшін балаларға ақы жоқ" деп, ақшамды қайтарып берді. Ондай да жүргізушілер бар. Сүйсіндім, ал қалтада 150 теңге қалды", - деп пікір қалдырған Асема Телгазиева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети