04 наурыз 2023 12:43

Алматыдағы әйелді ұрлау дерегі бойынша тергеу басталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Талғарда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция Талғарда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"27 ақпанда Талғар ауданының полиция бөліміне 1986 жылғы азамат С.-дан 25 ақпанда пәтерге заңсыз түрде кіріп, физикалық күш қолданған белгісіз адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз түскенін хабарлаймыз. Олар оны Алматыға апарып, өз еркіне қарсы наркологиялық емханаға орналастырған. Адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 125-бабы, 2-бөлімі "Адам ұрлау" бойынша тіркелді", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция болған жайт жайлы бірнеше мәлімет анықтаған.

"Тергеу барысында жоғарыда аталған азаматша С.-ның анасы қызын мәжбүрлеп емдеу мақсатында оны медициналық мекемеге жеткізу үшін екі ер адамды жалдағаны анықталды. Қазір тергеу жалғасуда. Істі дұрыс әрі жан-жақты зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылдануда. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша басқа мәліметтерді жария ете алмаймыз", - делінген полиция хабарламасында.

Оқиғаның анық-қанығын білу мақсатында Massaget.kz тілшісі Диана Сабазовамен, оның әкесі, інісімен, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласы өкілдерімен тілдескен болатын. Оқиғаның мән-жайын мына жерден оқыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети