08 тамыз 2016 18:08

Алматыдағы айып тұрағында тұрған көліктер кәдеге жаратылмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамандандырылған айып тұрақ. © "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС Мамандандырылған айып тұрақ. © "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС

Алматыдағы айып тұрағында тұрған көліктер кәдеге жаратылмақ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС өкілдері хабарлады.


Алматыдағы айып тұрағында тұрған көліктер кәдеге жаратылмақ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС өкілдері хабарлады.

Қазіргі уақытта қайта қалпына келмейтін апатты көліктерді кәдеге жарату жұмыстарына дайындық жүріп жатыр. Бұл шараны Алматы қалалық ІІД, "Алматы қаласы қаржы басқармасы" КМБ және Алматы қаласы "Мемлекеттік кірістер департаменті" КМБ-мен біріге отырып жүргізетін боламыз", - деді "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС өкілдері. Компаниядағылар апатты көліктерді кәдеге жарату жұмыстары бірінші рет жүргізілгелі тұрғанын айтады. Айып тұрақтары Алматыда 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алайда компаниядағылар иесіз автокөліктердің қалдықтарын кәдеге жарату жұмыстары қиынға соғатынын айтады, себебі заңда осыған байланысты нақты бір ереже жоқ.


"Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС

Компания өкілдерінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Алматы қаласында алты мамандандырылған айып тұрағы бар. "Бүгінде мамандандырылған айып тұрақтарында 515 апатты көлік бар, оның ішінде 100 автокөлікті қайта қалпына келтіру мүмкін емес", - деді компаниядағылар. Олардың айтуынша, соңғы үш жылда иелеріне көліктерді жаппай қайтару жұмыстары жүргізілген.

"Біз көліктердің иелерін іздеп, олардың көліктерін алып кетуін талап етеміз. Соңғы жылдары қарқынды түрде алып кетіп жатыр. Бұрындары алып кету жұмыстары қиындау болатын, қазір соттың шешімін алып келсе ғана болды. Еш қиындық болмайды. Үш жыл бұрын айып тұрақтарында орын болмайтын. Қазір орындар жеткілікті, - деді "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС өкілдері.

Осыған дейін, БАҚ-тарда Алматыдағы айып тұрақтарында он жылдан бері жатқан қымбат көліктердің бар екені хабарланған еді. Мұнда негізі көлік иелерін немесе жүргізушілерін мас күйінде ұстаған, не жол-көлік оқиғасына түскен, сондай-ақ ұрланған көліктер қойылады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети