20 қыркүйек 2016 16:08

Алматыдағы балалар ауруханасында 6 жасар қыз қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы балалар ауруханасында 6 жасар қыз қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне алты жасар қыздың анасы Иоланта Янушене хабарлады. Қайтыс болған қыздың анасының айтуынша, алты жасар қызға қате диагноз қойылған.


Алматыдағы балалар ауруханасында 6 жасар қыз қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне алты жасар қыздың анасы Иоланта Янушене хабарлады. Қайтыс болған қыздың анасының айтуынша, алты жасар қызға қате диагноз қойылған.

12 қыркүйекте қыздың анасы оны дене температурасының көтеріліп, іші ауырған күйінде Манас көшесінде орналасқан балалар ауруханасының хирургия бөліміне жеткізген. Алайда дәрігерлер қызға ангина деген диагноз қойып, ауруханаға жатқызуды ұсынған. "Мен қарсы болып едім, дәрігерлер үйден ем алуды ұсынды", - деді қыздың анасы.


6 жасар Эвелина Янушайте.

"Үйге учаскелік дәрігер келіп, лимфоузелдердің қабынуы" деген диагнозды қойған. Бірақ жұма күні қызымның жағдайы нашарлап, қайтадан жедел жәрдемді шақыру керек болды. Содан қайтадан балалар ауруханасына келдік. Олар қызымда соқыр ішек деп, ота жасауға кірісті. Түнгі сағат бірде ота жасауды бастап, таңғы алтыда бізге қызымыздың қайтыс болғанын хабарлады, - дейді анасы. - Қызым ота басталған соң жеті минуттан кейін қайтыс болған. Олардың төрт сағат бойы немен айналысқанына ашулымын! Қазір олар осыған қатысты ешқандай ақпарат айтпай отыр, нақты диагнозды да айта алмай отыр. Бірде өкпе қабынуы (...) дейді. Дәрігерлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деген анасы қызының белгілі бір дәріге аллергиясы болып, содан қайтыс болды деп болжап отыр.

Айта кетейік, қыз биыл ғана №113 мектептің бірінші сыныбына барған.

Сондай-ақ, дәрігерлер осы оқиға бойынша өздерінің нұсқасын айтып берді.

№1 балалар емдеу мекемесіндегі бас дәрігердің орынбасары Николай Дьяченконың айтуынша, 12 қыркүйекте анасы қызының дене температурасы көтерілгеніне байланысты ауруханаға келген.

"Оны жұқпалы аурулар ауруханасына жіберді. Алайда ол әйел ауруханаға жатудан бас тартып, қызды үйде өзі емдейтіні жайлы қолхат қалдырып кеткен. Содан 16 қыркүйекте олар қайтадан дене температурасы көтеріліп, дәрігерлер көмегіне қайта жүгінеді. Сол кезде қыз кезекші дәрігерлердің стационарына жатқызылды. Ота кезінде қызда жүрек жеткіліксіздігі байқалып, дәрігерлер оны төрт рет тірілтті. Алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады ", - деді Николай Дьяченко.

Оның айтуынша, кезекші дәрігерлер тобы қызға дұрыс диагноз қойған, мұнда дәрігерлер қателескен жоқ.

"Мәйітті сою кезінде өлімнің себебі анықталады. Бұл біз үшін қайғылы жағдай болды", - деді Дьяченко. Сонымен қатар, ол қызда соқыр ішектің болмағанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети