1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыдағы блокбекетте болған апат: іс басқа бап бойынша қаралады04 тамыз 2020, 10:17

Алматыда блок бекетте болған жол апатына кінәлі BMW көлігінің жүргізушісі Азат Азаматовқа қатысты тергеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілшілердің сауалына Алматы облысы прокуратурасы оның әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы, 4-бөлігі бойынша сараланғанын хабарлады. 

Медициналық куәландыру кезінде Азаматовтың орташа дәрежеде мас болғаны анықталды. Прокуратураның мәліметінше, іс бойынша басқа айыпталушылар жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін іс бірнеше рет қаралған болатын. Бастапқыда олар 4-баптың 345-бөлігі бойынша қаралған. Кейін істі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қаралған. Бұл күдіктінің қасақана шабуыл жасағанын білдіруі мүмкін.

Бірақ, прокуратураның соңғы мәліметтері бойынша, іс бастапқы бап бойынша қайта қаралады. Жақын арада іс сотқа беріледі.

Еске салайық, бүгін 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицей болған. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алында. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Полицейлердің біреуі - 42 жастағы аға лейтенант Жарас Жанғазиев, ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Ол - Батыс Қазақстан облысының тумасы, ішкі істер органдарында 2001 жылдан бастап еңбек еткен. Үйленген, артында екі қызы қалды.

Екінші полицей - полиция сержанты Дастан Әбдіқанов 1994 жылы туған. Ауруханада қайтыс болды. Ол - Алматының тумасы. Ішкі істер органдарында 2016 жылдан бастап еңбек еткен. Үйленген, артында туғанына бір ай болған қызы қалды.

Алматыдағы блокбекетте болған апат: зардап шеккен полицей ауруханадан шығуға дайындалып жатыр

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!