15 маусым 2020 15:23

Алматыдағы блокбекетте болған апат: зардап шеккен полицей ауруханадан шығуға дайындалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ербұлан Сейдазы Ербұлан Сейдазы

Алматыда қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі блокбекетте болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі блокбекетте болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, пациенттің 2020 жылдың 15 маусымындағы жағдайы тұрақты және жақсарып келеді.

"Есін жиды, сұрақтарға жауап береді. Уақыт пен кеңістікте адаспайды. Неврологиялық симптомдары регрессияға ұшырады. Орташа астеновегетативті синдром сақталады. Бүгін ауруханадан шығаруға дайындалып жатыр", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан Денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Алматыдағы блокбекетте болған жол апаты: үшінші полицей жансақтау бөлімінде

Еске салайық, бүгін 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицей болған. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алында. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Полицейлердің біреуі - 42 жастағы аға лейтенант Жарас Жанғазиев, ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Ол - Батыс Қазақстан облысының тумасы, ішкі істер органдарында 2001 жылдан бастап еңбек еткен. Үйленген, артында екі қызы қалды.

Екінші полицей - полиция сержанты Дастан Әбдіқанов 1994 жылы туған. Ауруханада қайтыс болды. Ол - Алматының тумасы. Ішкі істер органдарында 2016 жылдан бастап еңбек еткен. Үйленген, артында туғанына бір ай болған қызы қалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети