Алматыдағы блокбекеттегі жол апаты: BMW жүргізушісі кінәсін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы блокбекеттегі жол апаты: BMW жүргізушісі кінәсін мойындады

Алматы облысында блокбекетте болған жол апатына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сот алдына полицияның бұрынғы қызметкері Азат Азаматов келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында блокбекетте болған жол апатына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сот алдына полицияның бұрынғы қызметкері Азат Азаматов келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысы Қарасай аудандық сотының ғимаратында өтіп жатыр., Өйткені тараптар істің сот отырысы залында қаралуын сұраған болатын.

Бірінші болып мемлекеттік айыптаушы Арыстан Әлікенов сөз сөйледі. Оның айтуынша, оқиға осы жылдың 25 мамырында таңертең болған. Прокурор сотталушы Азаматовтың көлік құралын мас күйінде басқаруға тыйым салынғанын біле тұра көлік тізгіндегенін айтты.

"Мен кінәмді толық мойындаймын. 20 мамырда жұмыстан кету туралы өтініш жаздым, 21 мамырда жұмыстан шықтым. 24 мамырда кешке сағат 23.00 шамасында достарыма, бұрынғы әріптестеріме Көксай ауылына бардым. Мен қысқа шалбарда болдым. Мағжан, Берік екеуміз көлікте отырдық, сыра іштік. Мен өзім екі-үш бөтелке сыра іштім. Содан кейін ол көлігіне барып, сол жерде ұйықтап қалды. Содан кейін ол ауруханада өз-өзіне келді. Олар маған адам қағып кеткенімді айтты. Апаттың қалай болғаны есімде жоқ", - деді сотталушы прокурордың сөзінен кейін.

Сотталушы Азат Азаматов

Еске салайық, 25 мамырда BMW көлігінің мас жүргізугісі Көксай шағын ауданындағы блокпостты бұзып, патрульдік көлікке соғылған болатын. Көлік салонында екі полицей болған. Оның бірі Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза тапса, әріптесі астан Әбіқанов ауруханада көз жұмған еді. 

Апат салдарынан үшінші полицей ауыр жарақат алып, кейін ауруханадан шығарылған болатын.  Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған полицейлерді марапаттаған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети