15 қыркүйек 2020 17:43

Алматыда блокбекеттегі жол апатынан қаза тапқан полицейдің әйелі 36 миллион теңге талап етіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаза тапқан полицейдің әйелі Динара Аман Қаза тапқан полицейдің әйелі Динара Аман

Алматыда блокбекетте болған жол апатынан қаза тапқан полицей Дастан Әбдіқановтың әйелі апатқа кінәлі адамнан 36 миллион теңге талап етіп жатыр. Өзінің талап арызын жұбайы Динара Аман Қарасай аудандық сотының ғимаратындағы сот талқылауы кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиғадан бір ай бұрын Дастан мен Динараның баласы дүниеге келген. Енді анасы балагы жалғыз өсіріп жатыр, асыраушысынан айырылуына байланысты сотталушы Азат Азаматовтан 36 миллион теңгеден аса қаражат өндіріп алғысы келеді. Жесір әйелдің айтуынша, бұл оның баласының 18 жасқа толуына дейін қажет.

Айта кетейік, Дастан Әбдіқановтың жалақысы жыл сайын екі миллионнан асатын.

Сотталушының адвокаты Марат Сұлтанбековтың айтуынша, Динара Аманға мұндай жағдайда мемлекет тарапынан көмек қарастырылады.

Еске салайық, мұның алдында Алматыдағы блокбекеттегі жол апатына кінәлі BMW жүргізушісі кінәсін мойындаған болатын. 

25 мамырда BMW көлігінің мас жүргізугісі Көксай шағын ауданындағы блокпостты бұзып, патрульдік көлікке соғылған болатын. Көлік салонында екі полицей болған. Оның бірі Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза тапса, әріптесі астан Әбіқанов ауруханада көз жұмған еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети