27 қазан 2014 15:53

Алматыдағы бокс академиясы ойын-сауық өткізу арқылы табыс табады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы бокс академиясы. ©kfb.kz Алматыдағы бокс академиясы. ©kfb.kz

Алматы маңында ашылған Халықаралық бокс федерациясының академиясы түрлі ойын-сауық өткізу арқылы ақша таба бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ғимарат түрлі шараларға жалға беріледі, соның ішінде, түрлі ойын-сауықтарға да. Бүкіләлемдік бокс академиясының құрылысын Қазақстан бокс федерациясының тапсырысы бойынша 2011 жылы бастап, 2014 жылдың мамырында пайдалануға берді. 

Академияның жалпы аумағы - бес гектар, ал құрылыс нысандарының көлемі 29 000 шаршы метр, ғимараттың жалпы сәулет аймағы 2,2 гектар болса, тағы бір гектарында спорт алаңы орналасқан. Бокс академиясының маркетинг бөлімі өкілдерінің айтуына қарағанда, бұл жерде конференция, тимбилдинг, спартакиада, салтанатты шаралар және ойын-сауық кешін өткізуге болады. Одан бөлек, футбол алаңдары, теннис корты жалға беріліп, бассейнге, саунаға және жаттығу залдарына арнайы абонементтер бар. Бокс академиясы өкілдерінің айтуына қарағанда, түскен пайданың барлығы коммуналдық қызмет ақысын төлеуге, спортшылардың тамағына және оларға жағдай жасауға кетеді. 

Өз кезегінде Қазақстан бокс федерациясы мұндай тәжірибені әдеттегі жағдай санайды. "Иә, расымен, Алматы облысындағы Бокс академиясы біздің елдің қаражатына соғылды. Бірақ, қазір Халықаралық бокс академиясымен (AИБA) бірдей деңгейде басқарады. Қазақстан оны өз ақшасына тұрғызып, АИБА-ға берді. Ол жерде кей-кейде семинарлар мен жиындар өтіп тұрады. Егер ол жақта салтанатты шара және ойын-сауықтар өткізіп жатса, олар да пайда тапқысы келген болар, әрине, бұл жерде олар спортқа кері әсерін тигізбеуі керек. Мысал ретінде федерация өкілі Балуан Шолақ атындағы спорт кешенін келтірді. Айта кетейік, ол жерде ойын-сауық кештері мен салтанатты шаралар өтіп тұрады.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети