24 мамыр 2018 11:00

Алматыдағы Ботаникалық бақ маңында кене қаптады деген видео тексеріледі

Энтомолог маман Алматыдағы Ботаникалық бақ маңындағы территорияны тексереді. Мұнда алматылықтар кенеге ұқсас жәндіктерді суретке түсіріп алған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қаланың Санитарлық-эпидемиологиялық қызметі хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Кеше кешкі уақытта Тимирязев көшесінде балаларымызбен серуендеп жүріп көріп қалдық. Ботаникалық бақ маңындағы жерде кене қаптап жүр. Абай болыңыздар", - делінген әлеуметтік желіде таралып жатқан хабарда.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде СЭС өкілдері суреттегі жәндіктер кене деп толыққанды сеніммен айту қиын екенін жеткізді. Нақтылау үшін оқиға орнына энтомолог маман жіберілген.

 "Енді энтамолог маман Ботаникалық бақ территориясына барып, жәндіктерді микроскоппен қарауы керек. Себебі суретке қарап, біржақты кене не, кене емес деп айту қиын. Содан кейін ғана жауабын береміз", - деді СЭС өкілдері.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram