Алматыдағы еврейлердің діни жиыны: Rixos қонақүйінің бас директоры жазаланды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы еврейлердің діни жиыны: Rixos қонақүйінің бас директоры жазаланды фото видедодан алынды instagram.com/kris_p_brothers

Алматының бас санитария дәрігері Rixos қонақүйінің бас директорына жаппай жиын өткізуге рұқсат бергені үшін айыппұл салынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитария дәрігері Rixos қонақүйінің бас директорына жаппай жиын өткізуге рұқсат бергені үшін айыппұл салынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда өткен брифинг кезінде қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин журналистің, "Rixos қонақүйінде еврейлер жиналыс өткізгені үшін қонақүй басшылығына неге айыппұл салынбады" деген сұрағына жауап берді.

"Қонақүйдің бас директоры демалыста болды, сондықтан оған хаттама жасай алмады. Осы аптада демалыстан оралған соң оған хаттама жасалды", - деді Бекшин.

Бекшиннің айтуынша, Rixos қонақүйінің бас директорына 230 АЕК (670 мың теңге) айыппұл салынған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшинге сын айтқан болатын. Себебі, еврей қоғамдастығының жиыны өткен Rixos қонақүйіне айыппұл салынбаған. Әкімнің сынынан кейін Rixos қонақүйі әкімшілігіне 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети