17 тамыз 2021 14:01

Алматыдағы еврейлердің діни жиыны: Rixos қонақүйіне айыппұл салынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

instagram.com/kris_p_brothers instagram.com/kris_p_brothers

Алматыдағы Rixos қонақүйі әкімшілігіне жаппай жиналыс өткізуге рұқсат бергені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы Rixos қонақүйі әкімшілігіне жаппай жиналыс өткізуге рұқсат бергені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Rixos қонақүйінің әкімшілігіне жаппай жиналыс өткізуге ғимаратты бергені және ұйымдастырғаны үшін 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынған. Сондай-ақ, ол эврейлер Алматыға бір күнге ғана ұшып келгенін айтты.

"Қазір жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Тексеру прокуратураның рұқсатынан кейін жүргізіледі, әлі анықталғандардың бәрі жазаланады", - деді ол брифинг барысында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшинге сын айтқан болатын. Себебі, еврей қоғамдастығының жиыны өткен Rixos қонақүйіне айыппұл салынбаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers️️️ (@kris_p_brothers)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети