Алматыдағы хайуанаттар бағында 20 жылда алғаш рет әлемдегі ерекше жануарлардың бірі төлдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы хайуанаттар бағында 20 жылда алғаш рет әлемдегі ерекше жануарлардың бірі төлдеді Алматы хайуанаттар бағы баспасөз қызметінің фотосы

Алматы хайуанаттар бағында Арчи мен Белла есімді жанаттардың үш төлі дүниеге келді. Бұл жанаттар отбасында кейінгі 20 жылға жуық уақытта болған алғашқы толығу, деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


20 жыл ішіндегі алғашқы төл

Кішкентай жанаттар 27 сәуірде туған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы айларда олар анасымен бірге ұяда болып, сыртқа шықпаған. Белла төлдерін ерекше қамқорлықпен бағып, оларға ешкімді жолатпаған. Қазір күшіктер өсіп, өздігінен қозғала бастағандықтан, үлкен қоршауға шығып, айналаны қызығушылықпен зерттеп жүр.

Төлдердің жынысы әзірге белгісіз, сондықтан оларға есім кейінірек беріледі.

Кішкентай жанаттар немен қоректенеді?

"Жыртқыш сүтқоректілер" бөлімінің жетекшісі Гаухар Сергібаеваның айтуынша, жанаттар туған кезде небәрі 60-70 грамм болады және толықтай анасына тәуелді.

"Олар соқыр әрі саңырау күйде дүниеге келеді және алғашқы апталарда толықтай анасына тәуелді болады. Бұл кезеңде тек ана сүтімен қоректенеді. Қазір күшіктер біртіндеп ересек жануарлардың азығына үйреніп келеді. Рационында ет, балық, көкөніс, жеміс-жидек және сүйікті сұлы ботқасы бар", — деді ол.

Фото: әкімдіктің баспасөз қызметі

Жанаттарды қайдан көруге болады?

Жанаттар отбасы хайуанаттар бағының керіктер экспозициясына қарама-қарсы орналасқан жыртқыш аңдарға арналған "Леопард" аймағындағы қоршауда мекендейді.

Тағы оқыңыз: Алматы хайуанаттар бағына Солтүстік Америкадан жаңа жыртқыштар әкелінді

Читайте также

Валюта бағамы

 472.03   540.58   6.07 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +16
Астана +23
Ақтау +29
Ақтөбе +25
Атырау +31
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +30
П
Павлодар +20
Петропавл +25
С
Семей +17
Т
Талдықорған +29
Тараз +33
Түркістан +30
О
Орал +29
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер