19 шілде 2021 08:55

Алматыдағы жаңа жолайрыққа 5,6 миллиард теңге жұмсалмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоба эскизі Жоба эскизі

Алматының Алатау ауданындағы Саин және Мөңке би көшелерінің қиылысында жаңа жолайрық салынады. Жалпы жобаға 5,6 миллиард теңге жұмсалады деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының Алатау ауданындағы Саин және Мөңке би көшелерінің қиылысында жаңа жолайрық салынады. Жалпы жобаға 5,6 миллиард теңге жұмсалады деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік сатып алу сайтында Саин мен Мөңке би көшелерінің қиылысында жолайрық салу қажеттілігі туралы хабарлама пайда болды. Бүгінде өтінім қабылдау жүріп жатыр. Болжам бойынша, құрылыс-монтаждау жұмыстарына 5,68 миллиард теңге жұмсау қажет. 

Алматы қалалық Мобильділік басқармасы құрылыс мерзімі 24 ай болатынын хабарлады. Нысанның төлқұжатына сәйкес, жұмыстар 2023 жылдың маусым айында аяқталады.

Сондай-ақ, басқарма өкілдері Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін тесу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

"Бүгінде Саин көшесінің ұзындығы 3,2 шақырым. Жер учаскелерін алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде жер учаскелерін алу талап етілмейтін ұзындығы 1,6 шақырым учаскеде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстарды аяқтау 2023 жылға жоспарланған", - деді басқарма өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети