Дәрігерлер Алматыдағы су таситын машинаның қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің жағдайлары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апаты салдарынан 2 адам қаза тауып, жеті адам жарақаттанды, оның ішінде кішкентай бала да бар.

Балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасарының айтуынша, зардап шеккен 1 жасар бала ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде жатыр. Оған қажетті медициналық көмектердің барлығы көрсетілді, оның миыны зақым келген, бала ес-түссіз жатыр.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан клиникалық өліммен № 7 ауруханаға әйел адам түсті, оны аман алып қалу мүмкін болмады. "Зардап шеккен екі адам тиісті көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды, тағы екеуі аурухананың нейрохирургиялық бөлімінде жатыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді №7 қалалық аурухананың бас дәрігері Болатбек Баймаханов. Тағы екі адам облыстық көпсалалы емханаға жатқызылды.
Басқармадағылар оқиға орнына 6 жедел жәрдем қызметінің барғанын мәлімдеді. Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 13 тамызда шамамен 10.40-та болды. Су таситын машина Грозы көшесімен келе жатып, алдын ала мәлімет бойынша, тізгінге ие бола алмай қалып, BMW маркалы автомобильмен соғысты. Бұдан кейін жүк көлігі бағанаға соғылып, жаяу жүргіншілердің жолындағы адамдарды қақты.