07 желтоқсан 2020 15:06

Алматыдағы жолайрықтар құрылысы қашан аяқталатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рысқұлов - Құлжа тасжолындағы жолайрық Рысқұлов - Құлжа тасжолындағы жолайрық

Алматыда үш жолайрық құрылысын аяқтау мерзімі өзгертілді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есебінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда үш жолайрық құрылысын аяқтау мерзімі өзгертілді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есебінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, қалада үш жолайрықтың құрылысы жалғасып жатыр. 

Осылайша, соңғы өзгерістерге сүйенсек, Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі қиылысындағы жолайрықты 2021 жылдың желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Мұның алдында бұл жолайрықтың құрылысы келесі жылы бірақ нақты қай айда аяқталатыны айтылмаған болатын.


Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі қиылысындағы жолайрық

Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесі қиылысында жолайрықты салу жұмыстары 2022 жылдың желтоқсанына қарай аяқталады. Мұның алдында жоба 2021 жылы аяқталады делінген еді.


Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесі қиылысында жолайрық

Сондай-ақ, әкімдіктегілердің мәліметінше, Құлжа тасжолы мен Бұқтырма көшесі қиылысындағы жолайрықты салу жұмыстары 2022 жылдың ақпанында аяқталады.


Құлжа тасжолы мен Бұқтырма көшесі қиылысындағы жолайрық

Алматыда Құлжа тасжолындағы жаңа жолайрық қандай болады?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети