Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Алматыдағы Көк базардың жанынан көпқабатты көлік тұрағы салынады

02 Маусым 2014, 18:39
0
Автоматтандырылған көпқабатты тұрақ. ©РИА Новости
Автоматтандырылған көпқабатты тұрақ. ©РИА Новости

Алматының Көк базары жанынан көпқабатты көлік тұрағы салынады. Бұл турасында Tengrinews.kz тілшісіне қалалық әкімшіліктің Архитектура және қала құрылысы басқармасындағылар айтты.

Көк базар әкімшілігіне Мақатаев көшесі бойынан көпқабатты көлік тұрағын салу тапсырылды. Паркинг көкөніс сататындардың учаскесінен орын теппек. Ал көкөніс сауда орны басқа жерге көшіріледі. Сонымен қатар Көк базарды жаңарту жұмысы шеңберінде базардың қақ ортасын кесіп өтіп, Жібек жолы мен Мақатаев көшелерін қосатын жаяу жүргіншілерге арналған тротуар болады. Ол үшін базардағы бірнеше сауда павильоны мен контейнерлер, атап айтқанда, кезінде демалушыларға арналған су бұрқағы бар аллея орналасқан Көк базардың жоғары жағындағы сауда нүктелері алынып тасталмақшы екен.

"Бұл конструкция - шатыр, әу бастан, сауда нүктелерін орналастыруға есептелмеген. (...) Бұл - көкөніс базары, оған киім-кешектің не қажеті бар? Ондай базарлар қалада онсыз да жетіп артылады" - дейді басқармадағылар.

Көк базарды жаңарту жұмысының мерзімі мердігерлер жобалау құжаттарын даярлаған соң белгілі болады. Әкімдіктегілер Алматының басқа базарлары туралы сөзінде, Солтүстік айналма жолы бойынан аулақ орналасқан барлық базар 2015 жылдың соңына дейін көлік тұрағы бар бүгінге лайық сауда кешендері боп қайтадан жаңғыртылады дейді.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай