10 маусым 2024 | 13:49

Алматыдағы көшелердің бірінде үш айға көлік қозғалысы шектеледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматыда Дунаевский көшесінің солтүстік жағымен жүру үш айға шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС-не сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Дунаевский көшесінің солтүстік жағымен жүру үш айға шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС-не сілтеме жасап.

Алматыда 1976 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан Дунаевский көшесімен өтетін 1,2 шақырымнан астам құбыр ауыстырылады.

2024 жылғы 11 маусымнан 15 қыркүйекке дейін Алматы қаласының Бостандық ауданында Дунаевский көшесінің солтүстік жағымен Жароков көшесінен батыс бағытта көлік қозғалысы жабылады.

Қозғалыс тек батыс бағытта жабылады.

1976 жылдан бастап пайдалануға берілген, аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жалпы ұзындығы 1240 метр құбырды қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл құбыр 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке үйді, 5 балабақшаны, 4 мектепті, 2 денсаулық сақтау объектісін және 15 өзге де объектілерді жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Аталған тұтынушыларға реконструкция жүргізу кезеңінде ыстық сумен жабдықтау сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer