28 ақпан 2024 12:42

Алматыдағы мектепте түсірілген видеодан кейін директор жұмыстан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматының Білім басқармасы қала мектептерінің бірінде түсірілген оқушылардың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының Білім басқармасы қала мектептерінің бірінде түсірілген оқушылардың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Желіде баспалдаққа сыймай жиналып тұрған оқушылар көрсетілген видео пайда болған еді. Оқиға гардеробқа барар жолда болған. Балалар сығылысып, кейбірі қабырғаға жабысып тұрғаны байқалады.

Қалалық Білім басқармасы бұл ақпаратты растады. Жобалық қуаттылығы 870 орынға есептелген мектепте екі ауысымда 1426 оқушы оқитыны хабарланды.

"27 ақпанда екінші ауысымнан кейін мектептің бірінші қабатында орналасқан киім ауыстыру бөлмесінде оқушылар жиналып қалған, оған сол күні оқушылардың киім ауыстыру кестесі дұрыс ұйымдастырылмауы себеп болды. Бұл мектепте бұрын мұндай жағдай болмаған. Мектеп әкімшілігі мәліметінше, зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство.

Оқу процесін ұйымдастыруға бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директоры қызметінен босатылғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.06   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети