21 мамыр 2018 13:13

Алматыдағы менингокок инфекциясы: 47 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері қала тұрғындары арасында менингиттің таралуына қатысты мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері қала тұрғындары арасында менингиттің таралуына қатысты мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 мамырдағы жағдай бойынша, менингококтық инфекциямен ауруханаға 47 адам келген. Олардың 8-і - балалар. Бүгінде зертхана мамандары менингокок инфекциясы бойынша 15 деректі тіркеген.

"Ал 19 мамырдағы жағдай бойынша 715 адам тіркелді. Олардың 613-і тексерістен өтті. Біреуінен менингокок инфекциясы анықталды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Дәрігерлердің айтуынша, үш адам көз жұмды. Олардың екеуі ересек және біреуі 14 жасқа толмаған бала. Айта кетейік, екі жағдайда, олардың бірі балада менингококтық инфекция аяқасты анықталып (бірнеше сағатта), стационарда аз уақыт қана болған.

Департаменттің мәліметтері бойынша, менингококтық инфекциямен тіркелетіндердің саны үш жылда бір рет көтеріліп отырады. "Ең көп тіркелген кез 2013 жыл болды - 49 адамда диагноз нақты қойылды және 2015 жылы - 66 жағдай", - деді Алматы қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда менингиттің тарағаны жөнінде хабарламалар тарап, дәрігерлер оған қатысты пікір білдірген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети