Алматыдағы метро станциялары 10 минутқа ерте ашылатын болды

21 Мамыр 2014, 11:39
0
Алматыдағы метро станциялары 10 минутқа ерте ашылатын болды -  "Алатау" метро станциясы ©Ярослав Радловский
"Алатау" метро станциясы ©Ярослав Радловский

Алматыдағы метро станцияларының есіктері жолаушылар үшін 10 минутқа ерте ашылатын болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz . "Метрополитен"  МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы қаласының тұрғыны компанияның ресми сайтына өзінің ұсынысын жазғаннан кейін осындай шешім қабылданған. "Ол таңғы сағат 6.34-те жүретін алғашқы поездға жиі  үлгермей қалатынын айтып, стациялардың есігін сәл ертерек ашуды өтінген. Бұрын метро станциялары 6.30-да ашылған болса, бұдан былай 6.20-да ашылатын болады. Ал поездардың жүру кестесі өзгеріссіз қалды. Алматы қаласының метрополитені таңғы 6.20-дан түнгі 23.30-ға дейін жұмыс істейді", делінген "Метрополитен" МКК хабарламасында. 

Алматыда Метро 2011 жылы желтоқсанда ашылды. Қазіргі таңда 7 станция жұмыс істейді. Осыдан біраз уақыт бұрын 2014 жылы метроның станциялар тағы екі станциямен толығатыны туралы айтылған еді. Бұл станциялар қаланың орталығы мен шет аудандарын байланыстырады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай