03 қыркүйек 2023 11:05

Алматыдағы монша өртіне қатысты оқиғаның мән-жайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық өртсөндірушілер Бостандық ауданындағы жұмыс істемей тұрған моншада тұтанған ірі өртті ауыздықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық өртсөндірушілер Бостандық ауданындағы жұмыс істемей тұрған моншада тұтанған ірі өртті ауыздықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, өрт 600 шаршы метр аумақты қамтыған.

"2 қыркүйекте түyгі 23:13-те өрт сөндіру есептері жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Бостандық ауданы Нұр Алатау шағынауданы, Нұртазин көшесіндегі өрт туралы хабарламаға жіберілді. Өрт орнына келген сәтте ашық жалынмен 600 шаршы метр алаңын шарпыған ағаштан салынып жатқан монша кешені аумағында екіқабатты ғимараттың лаулап жанып жатқанын анықталды. Ғимарат құрылымдары опырылып түскеннен мамандар қауіпсіздік техниканы сақтай отырып жұмыс жасады", - деді ТЖД өкілдері.

Жанып жатқан ғимарат толығымен ағаштан салынғандықтан, өрттің тез таралу қауіпі туындаған.

"Сонымен қатар, көппәтерлі үйдің екінші және үшінші қабаттарындағы балкондар қаптамасы жоғары температурадан ери бастады. Оқиға орнында штаб жұмысы орнатылып, екі өрт сөндіру учаскесі құрылды, көрші үйлердегі өртті сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді. Өртсөндірушілер қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жұмыс істеді. Келген РЭС-5 мамандары нысанды электр қуатынан ажыратты", - деді ТЖД өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Өртсөндірушілердің айтуынша, бұл ықшамауданында су көзі аз болғандықтан, өрт сөндірудің жұмыстары күрделенген, алайда барлау барысында өртсөндірушілер гидранттарды тауып, автоцистерналарға орнатқан. Сонымен қатар, "Алматы СУ" суару техникасы жұмылдырылды.

Өрт орнына 66 адам, 22 бірлік техника, қаланың өзара іс-қимыл қызметтері жіберілді. Өрт 00:27-де оқшауланып, 01:20-да сөндірілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети