22 қаңтар 2016 14:04

Алматыдағы муниципал автопаркінің 70 пайыз үлесі жеке компанияға сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

"Алматыэлектркөлік" ЖШС-ның 70 пайыз үлесін жеке компания сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алматы қаласының 2015 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша жиналыста айтты. Ол тасымалдаушылардың жолға сапалы, заманауи автобустарды шығарғаны маңызды екенін, ал әкімдік шығыны көп бағыттарды субсидиялап, табыс әкелетін компаниялармен жұмыс істеуге қол жеткізудің маңызды екенін атап өтті. 

Әкімнің айтуынша, инвесторлар жарты жылдың ішінде 200 жаңа автобус сатып алмақшы. Бірінші ЛиАЗдар 2016 жылдың сәуір айында жеткізілмекші. Қалада жалпы 1600 автобус бар. "Біз жолға шығармауымыз тиіс ескі автобустардың шамамен 12-15 пайызын іске қоса алар едік. Себебі ескі автобустар өмірге қауіп төндіреді. Сапасы нашар. Осы жаңа автобустар ескілерінің орнына шығады", - деді әкім. 

Сонымен қатар, қала басшысы әкімдіктің Еуропа қайта құру және Даму банкінің ертеде автобустар мен троллейбустар сатып алуға алған барлық кредитін жапқанын хабарлады. "Біз барлық қатерді есептей отырып, өткен жылы үнемдеу арқылы 2019 жылға дейін төленуі тиіс кредиттердің барлығын жаптық. Бүгінде үнемделген қаражаттың 6 миллиард теңге шамасында болғанын есептедік", - деді әкім. Оның айтуынша, Еуропа қайта құру және Даму банкінен алынған 56 миллион доллар төленді.

Әкімнің хабарына қарағанда, "Алматыспецтехпаркинг" ЖШС үлесінің 70 пайызын кейінгі сатып алу құқығымен 2 ай мерзімге сенімгерлік басқаруға өткізу туралы шешім қабылданған. Сенімгерлікпен басқаруға алған тарап халықаралық үздік тәжірибелерді есепке ала отырып, Алматыда автотұрақтардың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша концепцияны жасауы керек. Байқау жарияланды, өтінімдер 30 күн ішінде қабылданады. "Бүкіл әлемде тұрақтар бюджетке айтарлықтай табыс әкеледі. Тұрақтан түсетін қаражатты біз көлік дамуына жұмсауымыз қажет", - деді әкім.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети