29 қазан 2021 | 16:29

Алматыдағы НЗМ оқушысының өлімі: БҒМ тергеу нәтижесін күтуді сұрады

Дина Шарипханова Корреспондент

БҒМ-ның Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қазақстандықтарды Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушысы өліміне қатысты тергеу нәтижесін күтуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҒМ-ның Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қазақстандықтарды Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушысы өліміне қатысты тергеу нәтижесін күтуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері марқұм болған сегізінші сынып оқушысының ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, әлеуметтік желілерде бір-біріне қайшы келетін ақпараттар шығып жатқанын мәлімдеді.

"Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері қайтыс болған оқушының ата-анасымен байланыста. Құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу мүддесі үшін қайғылы оқиғаның егжей-тегжейі жарияланбайды. Бәріміз тергеудің ресми қорытындысын күтуіміз керек. Ата-ана, мұғалім, мектеп басшыларын балаларға барынша сезімтал болуға шақырамыз. Балалар - қоғамның басты құндылығы", - деді Балалар құқықтарын қорғау комитеті өкілдері.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы қайтыс болғаны хабарланған еді. Желіде қайғылы оқиға жасөспірім мектеп балына белдемше киіп келгеннен кейін болды деген қауесет пайда болды. Бұл ретте мектептегілер белдемше туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Кейін Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары "Киімде жыныс жоқ" деген ұранмен наразылық шарасын өткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram