29 қазан 2021 16:16

НЗМ оқушылары қайғылы оқиғадан кейін наразылыққа шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/d_rulesa Фото: instagram.com/d_rulesa

Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 8-сынып оқушысы қайтыс болғаннан кейін "Киімде жыныс жоқ" деген ұранмен наразылық шарасын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 8-сынып оқушысы қайтыс болғаннан кейін "Киімде жыныс жоқ" деген ұранмен наразылық шарасын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде белдемше киген мектеп оқушыларының суреті тарап жатыр.

Ал блогер Дариға Жаңабаева Instagram желісінде қазақстандық білім беру жүйесіндегі кемшіліктер туралы жазба жариялап, мұғалімдер мектеп оқушыларына қысым көрсетіп жатқанын алға тартты.

Tengrinews.kz редакциясы НЗМ баспасөз қызметінен мәлімдеме алды.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы" Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы зияткерлік мектеп оқушысының қазасына байланысты марқұмның туған-туыстары, жақындары және достарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Дербес ұйым Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушысының 2021 жылы 27 қазанда кешкі уақытта, сабақтан кейін үйінде болған оқыс оқиға дерегін растады. Бұл тек отбасына ғана емес, достарына, сыныптастарына, ұстаздарына, оны танитын баршаға үлкен қайғы. Қайғылы оқиғаға, отбасы мен достарының сезіміне, баланың жадына түсіністікпен қарауыңызды, оқыс оқиғадан ақпараттық жағдай туғызбауды, анық емес мәліметтерді жарияламауыңызды сұраймыз.

Мектеп оқушыларының ұстанымын құрметтейміз", - делінген хабарламада.

Мектептегілер тергеу жүріп жатқанын айтады. Сонымен қатар, онда оқушыға қысым жасалғаны, мектептегі мәселе туралы ақпарат жалған екені айтылды.

"Кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін қосымша ақпаратты жария ете алмаймыз және түсініктеме бере алмаймыз", - деп қосты НЗМ өкілдері.

Бұған дейін Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы қайтыс болғаны хабарланған еді. Желіде қайғылы оқиға жасөспірім мектеп балына белдемше киіп келгеннен кейін болды деген қауесет пайда болды. Бұл ретте мектептегілер белдемше туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети